Жаңалықтар

Жаңа СК жобасында МӨҰ үшін КТС мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталған - PetroMining

Жаңа СК жобасында МӨҰ үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталған. Бұл PetroMining қауымдастығының алғашқы жұмыс жылындағы маңызды міндеттерінің бірі болды. Бұған дейін мұнай-газ саласын қоса алғанда, Қазақстан экономикасының өндіруші секторлары үшін КТС 30%-ға дейін ұлғайту қарастырылған болатын.

Жаңа Салық кодексін әзірлеу Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын іске асыру аясында айқындалды.
«2023 жылдың күзінде Қауымдастық сарапшылары консультанттармен бірлесіп 73 компания бойынша мұнай-газ саласына салық жүктемесіне бұрын-соңды болмаған талдау жүргізді, бұл біздің ұстанымымызды негіздеу үшін қазық болды. 2021-2022 жылдардағы салық жүктемесінің 51,5%-дан 64,1%-ға дейін (халықаралық әдістеме бойынша) өскені есептеліп анықталды. Экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда бұл ең жоғары көрсеткіш», — деп түсіндіріп өтті PetroMining қауымдастығының атқарушы директоры PetroMining Яромир Рабай.

Талдау нәтижелері бойынша мұнай-газ саласының экономикалық және фискалдық параметрлердің өзгеруіне сезімталдығын бағалауға мүмкіндік беретін қаржы-экономикалық модель әзірленді. Бұл модель салық жүктемесінің артуы салаға теріс әсер ететінін көрсетті.
«Осының негізінде біз КТС мөлшерлемесін сақтай отырып МӨҰ (үш ірі оператор мен квазимемлекеттік секторды қоспағанда) үшін экономикалық пайдаға бағалау жүргіздік. Біздің бағалауымыз бойынша, КТС мөлшерлемесін 20% деңгейінде сақтау МӨҰ-ға жыл сайын шамамен 54,7 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бұл соманы олар мұнай өндіруді қолдауға қосымша бағыттай алады», — ой түйді Яромир Рабай.
Осы талдау нәтижелері ҚР Экономика министрлігімен және ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп талқылаудың өзегі болды. Біз мемлекеттік органдардың жаңа Салық кодексінің жобасында салық жүктемесін сақтау (КТС қоса алғанда 20% деңгейінде) шешімін қабылдауы бойынша оң көрініс көріп отырмыз.
Анықтама ретінде:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұнай және газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке салықтар мен төлемдердің шамамен 14 түрін төлейді. Оларға ел экономикасының барлық секторлары үшін жалпы қабылданған салықтардан басқа (КТС, ҚҚС, мүлікке салынатын салық және т.б.) арнайы салықтар мен төлемдер, мысалы, ПҚӨ салынатын салық, тарихи шығындар, экспортқа рента салығы жатады.