«2023 жылдың күзінде Қауымдастық сарапшылары консультанттармен бірлесіп 73 компания бойынша мұнай-газ саласына салық жүктемесіне бұрын-соңды болмаған талдау жүргізді, бұл біздің ұстанымымызды негіздеу үшін қазық болды. 2021-2022 жылдардағы салық жүктемесінің 51,5%-дан 64,1%-ға дейін (халықаралық әдістеме бойынша) өскені есептеліп анықталды. Экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда бұл ең жоғары көрсеткіш», — деп түсіндіріп өтті PetroMining қауымдастығының атқарушы директоры PetroMining Яромир Рабай.
«Осының негізінде біз КТС мөлшерлемесін сақтай отырып МӨҰ (үш ірі оператор мен квазимемлекеттік секторды қоспағанда) үшін экономикалық пайдаға бағалау жүргіздік. Біздің бағалауымыз бойынша, КТС мөлшерлемесін 20% деңгейінде сақтау МӨҰ-ға жыл сайын шамамен 54,7 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бұл соманы олар мұнай өндіруді қолдауға қосымша бағыттай алады», — ой түйді Яромир Рабай.
Анықтама ретінде:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұнай және газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке салықтар мен төлемдердің шамамен 14 түрін төлейді. Оларға ел экономикасының барлық секторлары үшін жалпы қабылданған салықтардан басқа (КТС, ҚҚС, мүлікке салынатын салық және т.б.) арнайы салықтар мен төлемдер, мысалы, ПҚӨ салынатын салық, тарихи шығындар, экспортқа рента салығы жатады.