"Қазіргі жағдай мен проблематикаға сүйене отырып, біз мемлекеттің араласуын қысқартуды, саланың ашықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз ете алатын бірқатар ұсыныстар жасадық. Олардың ішінде мен мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нарығындағы бағаларды тікелей мемлекеттік реттеудің күшін жоюды, сыртқы және ішкі нарықтардың индикаторлары негізінде теңгерімді баға белгілеуді монополияға қарсы бақылау тетігін енгізуді, мұнайды қайта өңдеу, тасымалдау қызметтеріне нормативтік талаптар жасау арқылы тең қолжетімділікті ұсынуды, тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын мұнай өнімдерінің ең аз үлесін айқындауды атап өткім келеді, аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттарын азайту, сондай — ақ мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу, тауарлық газбен жабдықтау, авиаотынды бөлшек саудада өткізу салаларындағы мемлекеттің қатысу үлесін төмендету", - деп хабарлады Яромир Рабай.
"Бүгін мұнай өндіруші ұйымдармен ашық диалог өтті. Көптеген сұрақтар болды. Мен егжей-тегжейлі түсініктеме бердім. Көтерілген бірде-бір мәселе назардан тыс қалған жоқ. Үкімет экономиканы кешенді ырықтандыру және нарықтық бәсекелестікті дамыту бағытында қозғалады. Алда көп жұмыс бар және бұл жұмыс басталды. Энергетика министрлігі нарықпен ашық диалогты жалғастырады. Барлық тараптардың пікірлері ескеріледі".
"Бізде күрделі күн тәртібі болды: нарыққа деген көзқарас бар, біздің Энергетика министрлігі, бірақ сонымен бірге мемлекеттік саясат бар. Біз бұл диалогты оны түсіну, барлық мәселелерді ашық, кәсіби және дипломатиялық тұрғыдан талқылау, ең бастысы — консенсус табу және құзыретті органның пікірі мен ұстанымын тыңдау үшін ұйымдастырдық. Бүгінгі кездесу ҚР Энергетика министрлігі атынан Үкіметтің ашықтығының жақсы үлгісі деп санаймыз", - деп түйіндеді қауымдастық басшысы Саят Боранбеков.