ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі А. Хасеновпен кеңес өткізілді. Вице-минист "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 бұйрығының күшін жоюға және кірістерді МӨҰ жағына әділ бөлу мәселесін пысықтауға арналған МӨҰ берік ұстанымы туралы хабардар етілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігінің және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) қатысуымен БҚДА-дан одан әрі қорытындымен келтірілген МӨҰ есептеулерінің негізділігі тұрғысынан жұмыс кездесуін өткізу туралы уағдаласты.