Жаңалықтар

Бастамашыл топ Мемлекет басшысының атына үндеу жолдады

МӨҰ бастамашыл тобы Мемлекет басшысының атына үндеу жолдап, онда ҚР Энергетика министрлігінің нарықты дизель отынымен қамтамасыз етуге қатысты шешімімен келіспейтіндіктерін білдірді. Атап айтқанда, автожанармай құю станцияларына кейіннен жеткізу мақсатында Энергетика министрлігі белгілеген шекті көтерме баға бойынша тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдар мен ресурс ұстаушылардан дизель отынын сатып алу мәселесі қозғалды.
2023 жылдың 3 мамырында осы мәселе бойынша ҚР Энергетика министрлігі шұғыл түрде ЖҚС ірі желілерінің, МӨҰ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырды.