"Біз пандемия кезінде жұмыс орындарын сақтап, мұнай өндіру процестерін тоқтатпағанымызға қуаныштымыз. Әрине, кез-келген басқа сала сияқты, бірқатар проблемалар бар. Мысалы, ҚР Энергетика министрлігімен келісімшарт бойынша өндірілетін мұнайдың 80% экспортқа жөнелтуге рұқсат етілген, бұл ретте іс жүзінде тек 25% экспортқа кетеді. Экспорттық нарықтың бағасы ішкі нарықтан 2,5 есе жоғары екендігі бәріне түсінікті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қызылорда облысында мұнай өндіру деңгейінің рекордтық төмендеуі байқалады: соңғы 5 жылда – минус 32%. Әрине, біз Қытайға тікелей "құбыр" арқылы экспорттың үлесін арттырғымыз келеді. Экспорттық көлемнің ұлғаюы бюджетке түсетін түсімдерге де оң әсерін тигізеді, сол арқылы еліміздің экономикасын дамытады", - дейді KAZPETROL GROUP бас директоры Ержан Тазабеков.